Құрылғыларды тіркеу бойынша жауапкершілік пен кепілдіктер
Мен көрсетілген абоненттік құрылғы заңды негізде, заңнамада бекітілген негізде сатып алынғанын растаймын, сондай-ақ бөтен біреудің мүлкін заңсыз (заңға қайшы/жосықсыз) алған үшін жауапкершілік туралы мәлімет алдым.
Үшінші тұлғалардан абоненттік құрылғының атыма заңсыз тіркелуіне қатысты шағым түскен жағдайда:
- «КаР-Тел» ЖШС-ның шешімімен абоненттік құрылғыны бұғаттауға/тіркеуден шығаруға келісемін;
- «КаР-Тел» ЖШС-ның алғашқы талабы бойынша қызмет көрсету кеңсесіне келуге міндеттімін;
- барлық шағымды дербес реттеуді міндетіме аламын, ал реттеу мүмкін болмаса, ондай шағымдарды реттеуге байланысты барлық шығынды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сот шығындарын және «КаР-Тел» ЖШС-ның кез келген материалдық төлемін өтеуді міндетіме аламын;
- абоненттік құрылғының тіркеуіне қатысты шағым түсірген тұлғаға дербес деректерімнің берілуіне келісемін.